- Басты бет
- Арт орталық
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Фараб» бишілер ансамблі мен танымал әнші Малика YES ХІІ Қытай халықаралық өнер фестиваліне шақыру алды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Фараб» бишілер ансамблі мен танымал әнші Малика YES ХІІ Қытай халықаралық өнер фестиваліне шақыру алды
11-20 қазан аралығында Цюаньчжоу, Сямэнь, Аньси, Пекин қалаларында өткен байқауда Жапония, Африка, Үндістан, Корея, Шри-Ланка, Польша, Нидерланд елдерінен жалпы 15 мемлекет өнер көрсетті. Орталық Азия елдері бойынша тек қана Қазақстанан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен «Фараб» бишілер ансамблі қатысты. Шараға өнерлі жастарды қатыстырудағы басты мақсат – қазақ халқының ұлттық киімдері мен билерін қытайлық аудиторияның назарына ұсыну және алдағы уақытта екі жақты келісімдерге қол қою арқылы өнер саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Сонымен қатар Қытай елінде біздің бишілеріміз бен жас әнші Малика YES, ҚР мәдениет қайраткері, хореограф, қоюшы-режиссер, "Гармония танцевальной линий" номинациясы бойынша "Еуразия халықаралық жүлдесінің" алтын лауреаты, “Фараб” студенттік би ансамблінің жетекшісі Есмұханбетова Галяның жетекшілігімен өнер көрсетті.
Қатысушылар фестиваль аясында тек халық және заманауи билер номинацияларымен ғана емес, музыкалық бэндтер мен ансамбльдермен де қатысты.