"Жас шебер" стартабы "Алтын күз" жәрмеңкесіне қатысты
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН ҚОЛДАЙДЫ. "ТДМ 9: Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым" аясында жас шеберлердің өздері өндірген қолөнер бұйымдарымен "Алтын күз" мерекелік шарасына қатысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 25-қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған ұлттық қолөнер үлгілерін насихаттау мен университеттің ұжымы мен студенттеріне азық-түлік, жеміс- жидектерді жеңілдік бағамен ала алатындай Алтын күз жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекелік шараға барлық университеттің факультеттер ұжымы мен студенттері қатысты. Соның бірі жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің «Жас шебер» үйірмесі студенттік стартапқа қатысып, «Қолөнер – сырлы өнер» атты қолөнер бұйымдар көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты – университеттегі білім алушы жастарға қолөнерді насихаттау, үйрету, тоқылған бұйымдармен таныстыру. Көрмеге келушілер де, көрушілер де көп болды. Көрмеге қойылған әрбір зат көрушілерді қызықтырып, қолөнерге деген құштарлығын арта түсті. Көрмеге қолдан тоқылған балаларға арналған ойыншықтар мен кішкентай қыздарға арналған көйлектер, сөмкелер, үйге киетін сүйретпе түрлері қойылды.
Стартап жетекшілері: Ибрагимова М.Е., Тастемирова Г.А.
Стартап мүшелері: Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары