ҚазҰУ-да ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚазҰУ Агробиолабораториясының және Алматы облысы Жамбыл ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Серіктестік аясында университет қалашығы аумағынан жәрмеңке үшін ауылшаруашылық тауарлары, азық-түлік өнімдері, қолөнер бұйымдары және т.б. заттар сатылатын арнайы орындар бөлінді.
Жәрмеңкеде студенттер мен қонақтар сапалы және арзан өнімдерді сатып ала алды. Сауда орындарында кәсіпкерлер ет, сүт, жемістер мен көкөністердің көптеген түрлерін ұсынды, олардың бағасы нарықтық бағадан едәуір төмен болды. ҚазҰУ-дың шебер студенттері өз қолдарынан жасаған ерекше қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Студенттер қалашығының тұрғындары атап өткендей: «жәрмеңкенің ҚазҰУ қалашығында өтуі біз үшін өте ыңғайлы және базарға баруға уақыт жұмсамадық. Азық-түліктерді арзан бағаға алдық. Жәрмеңкені ұйымдастырушыларға, студенттері мен оқытушыларына қамқорлық жасайтын университет басшылығына алғыс айтамыз», – деді филология факультетінің төртінші курс студенті Ақбота Әнуарова.
Жәрмеңкеге университет қалашығының жанында орналасқан «Көктем» шағын ауданының тұрғындары да келді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі