ТДМ 3 аясында семинар тақырыбы «Денсаулық пен амандық»

18 қазан, 2023

2023 жылы 18 қазанда 1-курс 101 топ студенттері және топ  эдвайзеры- Сапарбекова Жазира Сапарбекқызымен «Тұрақты дамудың 17 қадамы» негізінде оның 3-мақсаты: «Жақсы денсаулық және әл- ауқат» бағытында семинар өтті. Семинардың мақсаты: қыз балалардың денсаулығын жастайынан сақтауға баулу. Семинарымыздың басты қонағы, спикеріміз - дәрігер акушер-гинеколог Қуатжанова Гүлшат Қуатжанқызына үлкен алғыс білдіреміз! Гүлшат ханым өзінің тәжірибесімен және ақыл-кеңесімен бөлісті. Яғни, ерте жүктіліктің алдын-алу шаралары және косметология саласындағы сұрақтарға жауап берді. 
Семинарға 208-топ қыздары, Худайбердина Г.А., Мукалдиева Г.Б. және Өміртай Р. ат салысты.   

Семинарымызға қатысқан студенттерімізге, қонағымызға алғыс айтамыз!