Бішкектегі филиал студенттері ҚазҰУ қалашығында болды

23 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бішкек қаласындағы (Қырғыз Республикасы) филиалында оқитын студенттер үшін Алматыда, ҚазҰУ қалашығында кампус-тур ұйымдастырылды.

Сапар аясында филиалда оқитын Экономика және Менеджмент мамандығы бойынша 58 студенті  университет мұражайына, Студенттер сарайына, «Керемет» СҚО-ға барып, Экономика және бизнес жоғары мектебінің кампусымен танысып және беделді профессорларымыз мастер класс дәрістері оқылды. Қонақтар үшін салтанатты қабылдау және концерттік бағдарламасымен тамашалады. 

Жастарымыз ҚазҰУ қалашығын өз көздерімен көріп, университеттің заманауи инфрақұрылымымен танысып, құрдастарымен танысып, осы тәжірибеден пайдалы ақпарат пен жарқын әсер алды. ТДМ 4 «Сапалы білім» беру бағытындағы мәселелер шешілгенде ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» арқылы ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» негізінде әділ және тұрақты әлемдік дамуды жүзеге асыратын негізгі қызметкерлерді қамтамасыз етеді.