Жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіпкерліктің рөлі
23 қазан, 2023
Эльвира Абдушева «Жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіпкерліктің рөлі» маңызды тақырыпта семинар өткізді. Іс-шарада кәсіпкерліктің кедейшілікпен күресу, экологиялық тұрақтылық және гендерлік теңдік сияқты тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге айтарлықтай әсер ететіні атап өтілді.
Эльвира – консалтинг, аудит және басқа да қаржылық қызметтерге маманданған «Ernst & Young» ірі жаһандық компаниясының аудит бөлімінің маманы. Эльвира да ҚазҰУ-дың «Экономика» мамандығы бойынша түлегі, қазір университетімізде магистратурада білім алуда.
Бұл шараның ұйымдастырушысы: экономика ғылымдарының доценті Аида Бегалиевна Айтбембетова.
Басқа жаңалықтар
15 қаңтар, 2025
15 қаңтар, 2025