Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бішкек филиалы студенттерінің Алматыға келуі

23 қазан, 2023

Бірыңғай білім беру Еуразиялық кеңістігін қалыптастыру мақсатында Қырғызстан астанасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды. 2023 жылдың 20 қазанында Бішкек филиалының 1-курс студенттері Алматыдағы Бас университетке келді.

Болашақ экономистер мен менеджерлер Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің жұмысымен, кафедралармен және оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен танысты.

Олар үшін "Кәсіпкерлік" пәні бойынша интерактивті дәріс дайындалды. Студенттер бизнесті қаржыландыру көздерін талқылауға, әртүрлі нұсқаларды салыстыруға, әрқайсысының оң және теріс жақтарын анықтауға қызығушылық танытты. Бұл кездесу тұрақты дамудың 4-ші және 17-ші мақсаттарына - тұрақты даму мүддесі үшін сапалы білім мен серіктестікке қол жеткізуге ықпал етеді.

Нурманова Бикен Зейнулловна