Менің арманымдағы Қазақстан болашағы

23 қазан, 2023

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Экономика" кафедрасы 2023 жылдың 18 және 28 қазан аралығында Қазақстан Республикасы мектептерінің 8-11 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған "Менің арманымдағы Қазақстан болашағы" атты ІІІ республикалық эссе байқауын өткізеді.

         Байқаудың мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, дарынды оқушыларды іріктеу және қолдау, жастардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, ғылыми ізденіске қызығушылықты дамыту, академиялық және достық қарым-қатынастарды нығайту.

Эссе байқауының іс-шаралар кестесі

Күні

Іс-Шара

18.10.2023 – 28.10.2023

Эссе қабылдау

29.10.2023 – 31.10.2023

Комиссияның эссені қарауы және тексеруі

01.11.2023

Марапаттау

Марапаттау

Марапаттау 01 қараша күні онлайн форматта ZOOM платформасында өтеді. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі атаулы дипломдармен, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ логотипі бар сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті: Даулиева Г.Р., Кондыбаева С.К., Иляшова Г.К., Темербулатова Ж.С.