«Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі»

23 қазан, 2023

23 қазанда филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы, куратор-эдвайзер Арай Жүзбаева «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс студенттерімен Тұрақты даму мақсаттары аясында «Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі» тақырыбында іс-шара өткізді. Шара барысында мәселенің шығу себептері айтылып, шешілу жолдары талқыланды.