Қазақ демографиясының отбасына қосқан үлесі

24 қазан, 2023

2023 жылдың 24 қазан күні «Этнолог» үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен Республика мерекесі қарсаңында «Қазақ демографиясының отбасына қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға факультет деканы, этнолог мамандар және  «Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында қазіргі таңдағы демографиялық өсу процесі, қалпына келтіру жолдары мен болжамдар жасалды. Студенттер өз пікірін ортаға салып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер  талқыланды.