ҚазҰУ профессорлары мемлекеттік наградалармен марапатталды

26 қазан, 2023

 

Республика күні Ұлттық мерекесі қарсаңында еліміздің ғылымы мен білімін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

«Парасат» орденімен Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасының профессоры, фарабитанушы ғалым Жақыпбек Алтаев марапатталды.

«Құрмет» орденімен Педагогика және білім кафедрасының профессоры Шәркүл Таубаева наградталды.  

Экономика және бизнес Жоғары мектебі факультетінің менеджмент кафедрасының профессоры Ержан Жатқанбаев «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.   

Филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы ғалым Қансейіт Әбдезұлы мен Экономика ғылымдарының докторы, профессор Болат Мұхамедиевке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.      

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, әкімшілік және конституциялық құқығы кафедрасының меңгерушісі Қарлығаш Үсейінова «Бірлік» алтын медалімен, «Парасат» кәсіподағының Төрағасы Талғат Мекебаев «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.

Университет ғалымдарын жоғары марапттарымен құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі