Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған 1 және 2 курс студенттері арасындағы сайыс

16 қазан, 2023

2023 жылдың 16 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінде Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай жазушының шығармашылығына арналған 1-2 курс студенттерінің арасында конурс өтті. Конкурс номинациясы: жазушы шығармасынан көрініс қою, бір шығармасына талдау жасау, викториналық сұрақтарға жауап беру. Конкурсқа қатысқан “Соққы”, “Тасқын” және “Шырақ жағарым” командалары өз өнерлері мен білімдерін сайыс барысында аянбай көрсете білді. Конкурс нәтижелерін баяндаған қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор А.Б.Темірболат жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады. Осы іс-шараны ұйымдастырған ф.ғ.к.,доцент С.Ә.Қалқабаева мен практикант-магистрант Нурай Айтуға ризашылығын білдірді.