ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА «ҚЫРАН ЕЛІМ –ҚАЗАҚСТАНЫМ» АТТЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ

24 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ж.Әміров 2023 жылғы 24 қазан күні «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қыран елім –Қазақстаным» атты қалалық мәнерлеп оқу байқауының қалалық кезеңінде қазылар алқасының құрамында қазылық етті.