ТДМ-7: Арзан және таза энергия

27 қазан, 2023

Тұрақты дамудың 7-ші мақсаты – барша елді арзан, сенімді, тұрақты, заманауи энергия көздерімен қамтамасыз етуді көздейды. Аталған мәселе бойынша Экономика және жоғары бизнес мектебінің Mенеджмент кафедрасының доценті, э.ғ.к. Ж.О. Тұмбай және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының магистранттары тақырыпты талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Әрбір қатысушы талқылау барысында өз позицияласын білдірді. Талқылау барысында 2017 жылы EXPO-2017 көрмесін Қазақстан «Болашақтың энергиясы» эгидасымен өткізгенін атап өтіп, энергияның жаңа және баламалы көздерін өндіруде аймақтық хабқа айналу мүмкіндігі жоғары екендігі жөнінде ортақ пікірге келді.