Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан

27 қазан, 2023

24.10.2023 жылы «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Иляшова Г.К. қазіргі уақыттағы әлемдегі өзекті мәселелерді қамтитын «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) жобасы негізінде мақсаттар кешенінің 16 мақсаты болып табылатын «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тақырыбын Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесімен ұштастыра отырып, «Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан» атты тақырыпта ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді Республика күні мерекесінің тойланып бастау тарихына көз жүгіртуден бастап, еліміз тәуелсіздік алған уақытынан бері мемлекет Президенттерінің халыққа жолдауларын талдау жұмыстары жүргізілді, Қазақстан-2030 және Қазақстан-2050 стратегиялары жөнінде баяндамалар қорғалып, Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылы 1 қыркүйегінде халыққа жолдауын жіті талдап, тақырыпқа байланысты арнайы видеоролик те көрсетілді.

Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасы, меңгерушісі Даулиева Г.Р., кафедра меңгерушісінің орынбасары Иляшова Г.К. және «6B04103  - Экономика» мамандығының 4 курс студенттері.