G-Global «Ай тұлғасы» - ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті

1 сәуір, 2015

«G-Global: тұрақты даму мәселелері мен келешегі» – осындай атаумен G-Global «Ай тұлғасы», Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының бірінші вице-президенті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясы аясында G-Global жобасын іске асыруға бағытталған шаралар бастау алады, сонымен қатар, ҚазҰУ жанынан ашылған ЮНЕСКО UNITWIN тұрақты даму бағдарламасы бойынша Орта Азиялық хабының тұсаукесері өтеді.

Шараға сонымен қатар БҰҰ-ның Қазақстандағы қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі В.Самек, ЮНЕСКО-ның Алматы қ. Кластерлік бюросының байланыс және ақпарат бөлімінің басшысы С.Карпов, Еуразия экономикалық ғалымдар клубының мүшесі, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры академик Т.Есполов, ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры М.Бүркітбаев қатысты.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен «G-Global» мега жобасы жаһандық әлемдік мәселелерді шешу жолдарын қарастырудағы қатысушылар санының түбегейлі өсуіне жол ашты. Олардың арасында – Нобель лауреаттары, танымал ғалымдар, бизнес-қауымдастық, қоғамдық ұйымдар өкілдері, заманауи жетекші сарапшылар бар. Қазақстан және әлемдік қоғамдастық зияткерлерінің әлеуметтік желісі алдында БҰҰ-ның әлемдік дағдарысқа қарсы шаралар мен адами өркениеттің тұрақты дамуының жаңа мақсаттарына қол жеткізу саласындағы күн тәртібін қалыптастыруда маңызды рөл атқару міндеті тұр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орта Азияда алғаш рет «United Nation Academic Impact» (Академиялық ықпал) бағдарламасына қосылды. Ол БҰҰ-ның адам құқы, сауаттылығы, тұрақты даму және шиеленісті шешуге байланысты әлемдік мойындалған он қағидасын қолдауға негізделген.

2014 жылы ҚазҰУ БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша UNAI бағдарламасының жаһандық хабын басқарды. Осы жылдың наурыз айында университет ЮНЕСКО UNITWIN бағдарламасының тұрақты даму бойынша Орта Азиялық хабына айналды. ЖОО-ның жаһандық хаб ретіндегі мақсаты мен қызметі толықтай G-Global қағидаларымен үндеседі. Мықты ғылыми әлеуетке және БҰҰ қолдауына ие бола отырып ҚазҰУ әлемдік академиялық қоғамдастық өкілдерін жаһандық мәселелерді шешу үдерісіне белсенді тартуда. Университет G-Global платформасындағы тұрақты даму идеяларын алға жылжытатын ең белсенді алаңның біріне айналды. Жастарды тұрақты даму мәселелерін зерттеуге белсенді тарту үшін Колумбия университетімен бірге тұрақты даму бойынша «Global Classroom» магистрлар даярлау бағдарламасы ашылды және табысты жұмыс істеуде.

БҰҰ жаһандық хабы ретінде ҚазҰУ VII Астана экономикалық форумы аясында «Еуразиялық алуантүрлілік және тұрақты дамудағы университеттер рөлі» атты III Азия университеттері ректорларының форумын ұйымдастырды. Онда 40 елдің өкілдері университет дайындаған «Тұрақты даму бойынша модельдік жоспарын» талқылап, қабылдады. Сондай-ақ ҚазҰУ базасында «Тұрақты адами дамудың жаңа парадигмасы: G-Global – жаһандық диалог алаңы» бүкіләлемдік конференциясы өтті. ҚазҰУ-мен бірге ұйымдастырушылар болып Бүкіләлемдік өнер және ғылым академиясы, Бүкіләлемдік университеттер консорциумы, Мадрид клубы, Рим клубы және тағы басқа ірі әрі ықпалды халықаралық ұйымдар табылды. Сондай-ақ университетте «ҚазҰУ-G-Global» ресурстық орталығы құрылғанын және оның ықпал етуімен форумның виртуалды алаңында 5 мыңнан астам студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар тіркелгенін атап өтуге тиіспіз. G-Global сайтында ҚазҰУ ғалымдарының әлемдік даму трендіне арналған 2 мыңнан астам жарияланымдары орналастырылған.

Академиялық ортаның бүкіл әлем болашағына қатысты сұрақтарды кең шеңберде қызу талқылауы жоо-лық ортаның бүгінде серпінді идеялардың қозғаушысы, идеология, ақпарат және тұрақты даму бойынша білім беру-ғылыми бағдарламаларын тарату орталығына айналып отырғандығын дәлеледей түседі.

«Ай тұлғасы» жобасына қатысудағы ҚазҰУ-дың басты мақсаты түрлі елдердің ғылыми-білім беру қоғамдастығы әлеуетін жемісті ынтымақтастық орнату, әлеуметтік-экономикалық, геосаяси, мәдени, демографиялық және тағы басқа сұрақтар бойынша пікір мен тәжірибе алмасу үшін G-Global платформасында біріктіру болып табылады.

Сәуір айында үш тақырыптық видео мен 15 онлайн конференция өтетін болады. Олар Елбасы ұсынған негізгі тақырыптар – тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету, ядросыз әлем құру, жаһандық қауіпсіздікті нығайту, мәдениетттер мен өркениеттер диалогын кеңейту, жаһандық энерго-экологиялық даму концепциясы мен «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыруға арналады. Шараларға жетекші шетелдік әріптес университеттер, халықаралық ұйымдар өкілдері, белгілі сарапшылар мен мамандар қатысады. Бұл G-Global комуникативті алаңының әлемдік қоғамдастыққа шынайы қажеттігін көрсетеді және оны жүзеге асыруға ықпал етеді.

Жұмыс нәтижесі және шараларды жүзеге асыру қорытындысы бір айдан соң баспасөз конференциясында қорытындыланады. G-Global платформасындағы әлемдік қоғамдастық ұсыныстары ағымдағы жылдың мамыр айында өтетін Астана экономикалық форумында талқылауға жіберіледі.

Баспасөз қызметі