Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қатты қанатты жәндіктері (Insecta, Coleoptera).

23 қазан, 2023

23.10.2023 ж. Катон қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КМҰТП Оңтүстік Алтайдың табиғи кешендерін қорғау мақсатында 2001 жылғы 17 шілдеде ҚР Үкіметінің Қаулысымен құрылды. Энтомофауна, оның құрамында колеоптерофауна да жердегі экожүйелердің маңызды бөлігі болып табылады. 2023 жылғы 23 қазанда Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылы) орталық кеңсесінде 2 курс докторанты А.У. Габдуллина "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қаттықанатты​ жәндіктері (Insecta, Coleoptera)" тақырыбында семинар өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – парк қызметкерлерін Катонқарағай ұлттық паркінің қатты қанатты жәндіктерімен таныстыру, КМҰТП қатты қанатты жәндіктерінің фауналық құрамын, биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттеу, әсіресе қоңыздардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау бойынша тұжырымдамаларды белгілеу.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz