«Тұрақты даму мақсаттары: Ғылымның үлесі»

20 қазан, 2023

20 қазан сағат 10:00-10:50 Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Аймагамбетова М.М., Акимбекова Г. Ш., Искакованың Г. Н. ұйымдастыруымен 3 курс Шетел филологиясы (батыс тілдері) білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған PhD доктор, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Ахен қолданбалы ғылымдар университеті, Биоинженерия институтының тағылымдамашысы, FH (Германия) Н.Ш.Акимбековтың  «Тұрақты даму мақсаттары: Ғылымның үлесі» тақырыбында қонақ дәріс өткізілді.

Лектор Тұрақты даму саласындағы «3.Жақсы денсаулық және әл-ауқат», «6.Таза су және санитария», «7. Қолжетімді және таза энергия», «13. Климат өзгеруімен күрес» сияқты мақсаттарды іске асыруда ғылымның қосып жатқан үлестері туралы нақты фактілер келтірді. Әсіресе, Еуропа елдерінде осы 17 мақсат жазылған плакат қабырға газеттері көптеген отбасылардың шаңырақтарында ілулі тұратындыңын, бұл дәстүрдің біздің елімізде де орын алуы қажет екендігін айтып өтті.