Жастар салауатты өмір салтын қолдайды

27 қазан, 2023

2023 жылдың 24 қазанында болашақ қоғамның тұрақты дамуының мақсаттары-3 ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫЛЫҚ жобасын жүзеге асыру аясында  Мүсірепов атындағы жастар театрына Логистика К1, К2 мамандығының 1 курс студенттеріне саяхат жасалды. Мүсірепов атындағы жастар театры– жас көрермендерге арналған қойылымдарға маманданған Қазақстандағы жетекші театрлардың бірі. Театрдың басты ұстанымы – жастарды адамгершілікке тәрбиелеу. Мақсаты театр арқылы өнер мен мәдениетті тануға қызығушылықты ояту. Білім, мәдениет, өнер бірлігі туралы түсінік қалыптастыру – шараны өткізудің бір себебі. Ұйымдастырушылар: Логистика ББ, К1, К2 топтарының эдвайзерлері Кажмуратова А.К., Болтаева А.Ж.