Алматы қаласының тарихы

15 қазан, 2023

«Тұрақты қалалар және елді мекендер» ТДМ 11 шеңберінде және бейімделу мақсатында

шетелдік студенттерге өздері білім алып жатқан елде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Шетелдіктерге арналған тілдік және жалпы білім беру» кафедрасының оқытушылары түрлі іс-шаралар өткізуде.

Сонымен, 2023 жылдың 15 қазанында қала көшелері бойынша жаяу экскурсия және Алматы мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Тыңдаушылар Алматы қаласының тарихымен танысып, сирек кездесетін фотоматериалдар мен құжаттарды, әр дәуірдегі бейнелеу өнері туындыларын, тұрмыстық және мәдени нысандарды көріп, көптеген қызықты мәліметтер алды.