Кәсіпкерліктің өсу стратегиясы

29 қазан, 2023

«6В04103 Экономика» және «6В04109 Цифрлық экономика» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерімен семинар сабағы 2023 жылдың 27 қазанында өтті. Силлабустағы оқу курсының мазмұнын іске асыру кестесіне сәйкес Кәсіпкерліктің өсу стратегиясы тақырыбы көрсетілген. Бұл семинар сабақ ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» деген тұрақты даму мақсаттарының 8 мақсатының орындалуына айтарлықтай аса үлкен үлес қосатындығын анықтадық. Семинар барысында кәсіпкерліктің өсу стратегияларының түрлерін атап оларды қай жерлерде, қалай қолдануға болатындығын көрсеттік.  Кәсіпкерліктің өсу стратегияларының барлығы, соның ішінде, бизнесті кеңейту, франчайзинг және т.б. арқылы лайықты жұмыспен қамтылуға және нақты экономикалық өсуге жетуге толық мүмкіндік бар екендігін анықтадық. Экономикалық өсу (ТДМ 8) кедейлік (ТДМ 1) пен аштықты жеңуде маңызды рөл атқарады (ТДМ 2) және гендерлік теңдікке қол жеткізу (ТДМ 5) болатындығын анықтадық. Студенттер тарапынан тақырыпқа қызығушылық білдіріп, тақырыпты талқылау барысында өз позицияларын білдірді.

Пән оқытушысы: Андабаева Г.К.