Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі

30 қазан, 2023

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық - денсаулық. Болашақ қоғамды тұрақты дамыту ТДМ 3-ші мақсаты - «Жаңа денсаулық және әл-ауқат» бойынша, салауатты өмір салтын ұстана отырып, денсаулықты жақсарту маңызды. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. ҚазҰУ-нің ЭжБЖМ-де қазанның 28-і күні «Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі» тақырыбында «6В04103 Экономика» студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге студенттердің көзқарасы қалыптастырылып, денсаулық сақтаудың және  қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызы айтылды. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулықты сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз ұғынуға тиіспіз. Қоршаған ортаны қорғай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, дұрыс өмір салтын тұрақты қалыптастырсақ, болашағымыз жарқын болмақ.

Ұйымдастырушылар: Какижанова Т.И., Андабаева Г.К., Нурманова Б.З.