Қорытынды бақылау үшін критериалды бағалау рубрикаторын түсіндіру вебинары өткізілді

30 қазан, 2023

2023 жылдың 27 қазанында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасында «Қорытынды бақылау үшін критериалды бағалау рубрикаторын түсіндіру бойынша» вебинар өткізілді. Вебинарды ЭБЖМ білім беру сапасы бойынша Академиялық кеңес мүшелері Нурманова Б.З. мен Андабаева Г.К. өткізді. Вебинарға кафедраның барлық профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Вебинарда қорытынды бақылау нысандары мен платформалары туралы айтылып, критериалды бағалау рубрикаторы түсіндірілді. Критерийлер анықталып, оларға сәйкес дескрипторлар да көрсетілді. Бұл вебинар тұрақты дамудың 4-ші Сапалы білімге қол жеткізу мақсатының орындалуына үлкен үлес қосады.

Нурманова Б.З., Андабаева Г.К.