ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу». Кәсіпкерліктің өсу стратегиясы

30 қазан, 2023

 «Кәсіпкерлік» пәнінен 2023 жылдың 26 қазан күні ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» шеңберінде «Кәсіпкерліктің өсу стратегия» тақырыбы қарастырылды. «6В05402 Математика» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің семинар сабағында кәсіпкерліктің өсу стратегиясының түрлі тәсілдері мен әдістері аталды. Кәсіпкерліктің өсу стратегияларының барлығы лайықты жұмыспен қамтылуға және нақты экономикалық өсуге мүмкіндік береді. Экономикалық өсу (ТДМ 8) кедейлік пен аштықты жеңуде маңызды рөл атқарады (ТДМ 1 және ТДМ 2). Студенттер тақырыпты талқылау барысында өз ойларымен бөлісіп, нақты тәжірибедегі кәсіпорындарға кәсіпкерліктің қай стратегия түрлерін қолданған тиімді болатынын жеткізуге тырысты.

Пән оқытушысы: Андабаева Г.К.