ҚазҰУ магистратура мен докторантураға қабылдауды бастайды

31 қазан, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 1 қарашадан бастап 2023-2024 оқу жылына магистратура мен докторантураға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының жұмысы басталады.

 «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында құжаттарды тапсыруға келген талапкерлер мен ата-аналар үшін қолайлы жағдай жасалған.

Комиссия құрамына факультет мамандары, тәжірибелі оқытушылар мен декан орынбасарлары бар. Олар түсіндірме жұмыстары мен кәсіби бағдарлауды жүзеге асырады, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша кеңес береді. Комиссия мамандары талапкерлерге онлайн және офлайн форматта сапалы және жедел қызмет көрсетеді. Талапкерлер үшін электрондық кезек жүйесі іске қосылған.

Университет мамандықтары туралы толық ақпаратты талапкерлер https://welcome.kaznu.kz сайтынан ала алады.

Сонымен қатар, ең қажетті және маңызды ақпарат күн сайын университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады.

Қабылдау комиссиясы сенбіні қосқанда таңғы 9:00-ден кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

«Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы ҚазҰУ қалашығында,  Әл-Фараби даңғылы, 71/21 мекен жайында орналасқан.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі