ТДМ аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге тегін ағылшын тілі сабағы

18 қазан, 2023

Шет тілдері кафедрасының оқытушысы Сүттібаев Н.А. 18.10.2023 жылы ТДМ 1 шеңберінде «Кедейлікті жою» сабағын өткізді. Бұл сабаққа биология факультетінің 8 студенті қатысты.   Сабақ коммуникативті сипатта болды және «In a clothes shop» тақырыбында офлайн форматта өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан студенттердің ағылшын тілін тегін меңгеріп деңгейін көтеру.