ҚазҰУ жаңа логотипке байқау жариялайды

1 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім ордасының 90 жылдық мерейтойына орай дизайнерлер, оқытушылар, магистранттар, студенттер арасында графикалық дизайн нысандарын жобалау республикалық байқауын жариялайды.

          Байқау аталымдары:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаңа логотипін жасау
  • ҚазҰУ брендбугін дайындау.

          Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2023 жылдың 14 қарашасына дейін қабылданады.

          Байқау жеңімпаздарына арнайы сыйақы тағайындалған.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі