ҚазҰУ ғалымдары АҚШ-тың патенттеріне ие болды

6 сәуір, 2015

Алғаш рет ҚазҰУ ғалымдары бериллийді алу технологиясы бойынша АҚШ-тың екі патентіне ие болды.

Құрамында бериллиі бар шикізатты экологиялық таза технологиямен алу жолы әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет «Қазатомпром» ҰАК құрамына кіретін және өндірушілердің жоғары бағасына ие Ульбинск металлургиялық зауытындағы (ШҚО, Өскемен қ.) зертханада арнайы құрылғыда жасалған болатын. Ғалымдардың есебі бойынша жаңа технологияны өндіріске енгізу зор экономикалық нәтиже береді.

Технологияның патент иегері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Ғалым Мұтановтың басшылығымен бір топ ғалымдары болып табылады. Зерттеме авторларының бірі Х. Оспановтың пікірінше, бұл технологияның ерекшелігі улы зиянды газдар бөлетін, көп қуат көзін қажетсінетін, сонымен қатар металды еріту кезінде қымбат отқа қарсы тұратын құралды керек ететін жоғары температуралық процестің болмауы.

Сарапшылардың ойынша, ҚазҰУ ғалымдарының технологиясы, сөзсіз ел ішінде және өзге елдерде де жоғары бәсекеге қабілеттілігі бар. АҚШ патентіне ие болу – бұл қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының ғылыми-инновациялық потенциалының және әлемдік деңгейде жетістігінің жоғары деңгейде мойындалуы. Қазіргі уақытта бірнеше өнеркәсіптік компаниялар университетке осы технологияны ендіру жайында әріптестік туралы ұсыныстарымен келуде.

Бүгінде Қазақстан әлемде бериллий өндіруде оқ бойы озық тұр, Жапония, АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея, Үндістан, Қытай, Еуропалық Одақ елдері құрамына енетін елдерге тәжірибелік термоядролық реактор жобасына бериллиі бар материалдарды жеткізуші әлеуетті ел болып табылады. Күмән туғызбайды, университеттің осы іспеттес зерттемелері сұранысқа ие, маңызды және елдің табысты индустриалды-инновациялық дамуына ықпал етеді.

Баспасөз қызметі