ҚазҰУ ғалымы халықаралық форумда баяндама жасады
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары М.Ломоносов атындағы ММУ жыл сайын өтетін «Тункин оқулары» қоршаған орта және халықаралық құқық: қазіргі заманғы сын-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференция жұмысына халықаралық құқық саласындағы ресейлік және шетелдік мамандар, тәжірибелік қызметкерлер, Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметкерлері, ЕЭО сотының судьялары, Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының аспиранттары қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғ.Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық институтының директоры Арон Сәлімгерей «Қоршаған орта адам өмірінің ұзақтығына әсер ететін негізгі фактор ретінде: халықаралық және мемлекетішілік тәсілдер» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.
Спикерлердің сөйлеген сөзінен кейін конференция қорытындысы бойынша пікірталас өтті. Ғалымдар адамның ұзақ және бақытты өмірі тұжырымдамасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін сапалы әрі ұзақ өмір сүрудің (антиэйджинг) халықаралық-құқықтық негіздерін талқылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі