«Орта мектептегі химия курсы мазмұнының заманауи мәселелері»
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технологиялар факультетінде тұрақты даму мақсаттары бағдарламасын (БҰҰ) іске асыру аясында мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Орта мектептегі химия курсы мазмұнының заманауи мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара жалпы және бейорганикалық кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Болатов А.Қ. және кафедра оқытушылары Сатыбалдиев Б.С., Исмаилов Б.А., Кеңес Қ.М. ұйымдастыруымен іске асты.
Дөңгелек үстелдің бастамасы ҚР оқу-ағарту минирстрлігі бекіткен химия пәні бойынша оқу жоспарлары мен оқулықтардың сәйкестілігі және ол құжаттарда келтірілген тақырыптардың үйлесімділігі тақырыбы бойынша жалпы және бейорганикалық кафедрасының профессоры Уралбеков Б.М. баяндамасымен басталды. Негізгі талқыланған мәселі аталған оқу жоспарларының қазірде уақытта қолданылатын «спиральды оқыту» технологиямен үйлесімділігі болды.
Баяндамадан кейін, Алматы қаласы және жақын аймақтардан келген ұстаздармен қатар, Қазақстанның басқа қалаларының ұстаздары онлайн форматта өз ойларымен бөлісті. Көтерілген негізгі мәселелер:
-оқу жоспарандағы тақырыптардың күрделілігі;
-әр тақырыпқа берілген сағат сандарын бекітуде тақырыптың күрделілігін ескеру;
-жаратылыстану және гуманитарлық бағыт бойынша оқулықтардың ерекшеліктері;
-тақырыптарды белгілеуде пререквизиттерді (өтілген тақырыптармен байланысын) ескеру.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде, ұстаздар бірлесіп, білім беру кезінде кездесетін ерекшеліктерді ескере отырып оқу бағдарламасына өзгертулер жасауға және сол бойынша ҚР оқу-ағарту минирстрлігіне ұсыныс хат жазу болды.