Сапалы білім беру

3 қараша, 2023

3.11.2023.ТДМ-ның 4 мақсатын іске асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қабырғасында "сапалы білім беру".2023 жылғы 1 қарашада Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының  оқытушысы,модератор Мереке А. К. сондай-ақ, студенттердің белсенді қатысуымен 202 топ "Қазақстан тарихы және оның маңыздылығы туралы пікірталас"тақырыбында бейнеролик түсірді.Спикер ретінде 202 топтың студенті Бақытжан Тамерлан сөз сөйледі, ал шақырылған қонақ театр және кино актері Әділжан Шомбалов болды.Қазақстан тарихының мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу пәні ретіндегі маңыздылығы,тарихты дұрыс түсіндірудің маңыздылығы және осы оқу пәнінің ұлттық бірегейлік пен ортақ ұлттық рухты қалыптастыруға әсері туралы маңызды сұрақтар көтерілді.
(Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы).