- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ кафедрасында ТДМ 15 аясында «Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы» тақырыбында шара өтті
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ кафедрасында ТДМ 15 аясында «Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы» тақырыбында шара өтті
Өткізілген шараның мақсаты: Қазіргі таңда Алматы қаласының экологиялық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторлар мен салдарын түсіндіру.
Атқарылған міндеттер:
- Алматы қаласының қазіргі таңдағы экологиялық жағдайын біледі;
- Қаланы ластайтын басты факторларды анықтайды;
- Қаланың экологиялық жағдайының ластану салдарын түсінеді;
- Экологиялық мәдениетті дамытып, адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдікті сақтап қалу көзқарасын сауатты деңгейде қалыптастырады;
- Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жолдарын анықтап, өз пікірлерін ұсынады.
- Қаланың қоқыспен ластану деңгейін анықтап, алдын алу шараларын қарастырады;
Сабақ барысы:
Қазіргі таңдағы Алматы қаласының экологиялық жағдайы қандай?
Қазіргі таңда Алматының экологиялық жағдайы күрт нашарлай түсуде. Қала экологтары ауа құрамын зерттегенде (арнайы құрылғылармен) улы заттар шамадан тыс көп болғандығы анықталды. 2019 жылғы дерек бойынша Алматы қаласы дүниежүзі бойынша ең қатты ластанған және экологиялық жағдайы қауіпті 100 қаланың құрамына енген. Ең қатты ластанған қала ішінде 95-ші орынды иеленген.
Өткізілген шара барысында тыңдаушылар өздерін қоршаған орта яғни Алматы қаласының экологиялық жағдайымен танысты. Ластайтын факторлар мен салдарын анықтады. Өзара анализ жасады. Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту жолдарын анықтап, өз пікірлерін ұсынды. Қаланың қоқыспен ластану деңгейін анықтап, алдын алу шараларын қарастырды.
Қаламыздың «Мега» ойын-сауық орталығында арнайы ашылған экостанция «Ecosen» компаниясының қоршаған ортаны қорғаудағы жұмыстарымен танысты. Экостанцияны құрудағы мақсат адамдардың қоқыс жинаудағы мәдениетін көтеріп, қоршаған ортаны аялауға өз үлестерін қосуға мүмкіндік жасау екенін және ол үшін ең алдымен қоршаған ортаны қорғау аясында адамның саналы түрде іс-әрекет жасауы керектігін түсінді.