2024-2025 жылдарға арналған ЖҒК-на өтініш беру ерекшеліктері туралы

4 қараша, 2023

2023 жылғы 2 қарашада ТДМ 9- Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым мақсатын жүзеге асыру шеңберінде «2024-2025 жылдарға арналған ЖҒК-на өтініш беру ерекшеліктері туралы» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шара гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға жас ғалымдарды ынталандыруға бағытталды. Баяндамашы ретінде «Экономика» кафедрасының меңгерушісінің ҒЗЖ мен ХБ жөніндегі орынбасары PhD Кондыбаева С.К. болды. Вебинарда PhD докторы Кондыбаева С.К. өтініш берудің негізгі ережелерін, жетекшіге қойылатын талаптарын мен күтілетін нәтижелерді түсіндірді.