Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Үндістанның саясатын талқылады

9 сәуір, 2015

Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен магистранттары Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында «Халықаралық қатынастардың аймақтық мәселелері және әлемдік актор ретіндегі Үндістанның рөлі» тақырыбына өткізілген дөңгелек үстелге қатысты.

ҚР Үндістанның Елшісі Харш Кумар Джайн (Harsh Kumar Jain) мен белгілі үнділік ғалым, дипломат, халықаралық қатынастар факультетінің әріптесі және серіктесі Ашок Саджанхардың (Ashok Sajjanhar) баяндамаларында Үндістанның Қазақстандағы және Орталық Азиядағы саясаты туралы айтылды. Үндістан азиаттық ірі орталықтардың бірі ретінде қазіргі кезеңнің үндеулері жағдайында өзіндік ұстанымы бар мемлекет.

Талқылау барысында қатысушылары ӘЭСИ директоры С.М.Акимбеков, т.ғ.д. Б.Қ.Сұлтанов, Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары проф. М.Ш.Губайдуллина, доц. Ж.Қ.Идрышева, доц.А.Т.Кульбаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үнділік университеттер және ғылыми орталықтарымен өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегі жөніндегі ойларымен бөлісті. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қоры жанындағы ӘЭСИ-да өткен мұндай жоғары форумға магистранттар үлкен құрметпен және жауапкершілікпен қатысты.

Халықаралық қатынастар факультеті