03.10.2023 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешені базасында спорттық іс-шара өтті.Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер бәсекеге түсуге, бір-бірін қолдауға және белсенді өмір салтын насихаттауға жиналды.

3 қазан, 2023

Біз футбол, баскетбол және волейбол ойындарын, сондай-ақ қызықты жарыстарды көрдік. Йога және фитнес жарыстары қатысушыларға белсенділіктің жаңа түрлерін көруге мүмкіндік берді.
Бұл іс-шара спорт пен физикалық белсенділіктің денсаулық пен әл-ауқат үшін маңыздылығын көрсетеді. Біз барлығын белсенді өмір салтын ұстануға және денсаулығын сақтауға шақырамыз. Спорттық жетістіктер мен қуанышқа толы осы күн үшін барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! 
Ұйымдастырушылар: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.