«Оптимистік трагедия»

3 қараша, 2023

03.11.2023ж. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы  кафедрасының аға оқытушысы Г.Т.Оспанова “6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті”  мамандығының 1 курс студенттерімен «Тұрақты даму мақсаттарын» (ЦУР) іске асыру бойынша «Білім мен тәрбие – егіз» айдарымен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына «Оптимистік трагедия» қойылымын тамашалады. Бұл спектакль - соғыстың адам өмірінің құндылықтарын жойып жіберетін жойқын және мағынасыз элементтер туралы. Бұл - адамгершілік пен адами қасиеттердің өзегі бұзылған кезде кезігетін барлық жамандық атаулыға жол берушілік туралы.

Қойылым - зорлық-зомбылыққа баратындар мен ондай арсыздықты ақтап алатындарға, оны насихаттаушылар мен озбырларға қарсы көркем наразылықтың белгісі. Спектакль студенттердің көңілінен шықты.