«Салыстырмалы әдебиеттану: әдеби байланыстар және олардың түрлері» ғылыми семинар

2 қараша, 2023

2 қараша күні филология факультетінде сағат 15.00-17.00 аралығында 324-аудиторияда «7M02309 – Әдебиеттану» мамандығы тобы магистранттарының қатысуымен «Салыстырмалы әдебиеттану: әдеби байланыстар және олардың түрлері» деген тақырыпта ғылыми семинар өткізілді. Магистранттар ғылыми семинар тақырыбы ауқымында компаративистика ілімінің негіздеріне, әдіснамалық еңбектерге сүйене отырып, қазақ әдебиетінің түркі елдерімен қатар, орыс және европа елдерімен әдеби байланыстарының тарихын зерделеді. Қазақ әдебиетінің өзге елдер әдебиетімен типологиялық түйісулерінің үдерісін және заманауи ерекшеліктерін өздерінің ғылыми ізденістері арқылы пайымдады. Магистранттар А. Құдияр «А.С. Пушкин өлеңдеріндегі Құран мотиві», М. Оразова «Қазақ-орыс әдеби байланыстары» деген тақырыпта ой қозғаса, Л. Ноғайбекқызы, А. Нұржанқызы, Б. Аубакирова өз жұмыстарында қазақ-түркі әдеби байланыстарын жан-жақты қарастырды. Сондай-ақ, Г. Тілепалдықызы, Н. Айту, Е. Кәдірхан т.б. магистранттар қазіргі қазақ-европа әдеби байланыстарының сан қырларына тоқталды. Магистранттар ғылыми ізденістер негізінде бүгінгі салыстырмалы әдебиеттанудың өзекті мәселелерін зерттеудің қажеттігін топшылады.

Ғылыми семинарды ұйымдастырушылар: қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат, ф.ғ.к., доцент Р.М. Әбдіқұлова, аға оқытушы Г.Т. Оспанова, аға оқытушы Б.Б. Баязитов.