Қазақстандық химия ғалымдарының жетістіктерімен танысу
Химия және химиялық технология факультетінің 3 курс студенттері ұйым меңгерушісі химия ғылымдарының докторы, профессор Кадирбеков Қайрат Адырбекұлы болып табылатын А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының мұнай химиясы және мұнай-химия синтезі зертханасына барып қайтты. Осы іс-шара барысында олар отандық ғалымдардың №12 ТДМ (тұрақты даму мақсаттары) бағыты бойынша жүзеге асыруға қосқан үлесімен танысты, мұндағы міндеттердің бірі қалдықтардың түзілуін айтарлықтай қысқарту болып табылады. Кадирбеков Қ.А. студенттерге олардың зертханасының бағыттарының бірі әртүрлі мұнай қалдықтарын (мұнай шламы, радиоактивті мұнай шламы, май қалдықтары, ластанған топырақ) тауарлық мұнай өнімдеріне және/немесе экологиялық таза материалдарға кәдеге жарату және/немесе бейтараптандыру мүмкіндігін ғылыми бағалауды жүзеге асыру болып табылатынын атап көрсетті.
Сонымен қатар студенттер заманауи жабдықтармен жабдықталған физика-химиялық зерттеулер зертханасына барды. Институтқа бару олардың мұнай-химия және мұнай-газ ісі бойынша магистратура мен докторантурада одан әрі оқуға деген қызығушылығын арттырды.
Аталған іс-шараны физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасының оқытушылары Р.А. Искакова, С. М. Наренова және докторант Н. Бузаев ұйымдастырды.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцентінің м.а.: Искакова Р. А., Наренова С. М.