- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА ТДМ 15 аясында "Теңсіздікті жою" тақырыбында шара өтті
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА ТДМ 15 аясында "Теңсіздікті жою" тақырыбында шара өтті
Теңсіздікті жою және ешкімнің назардан тыс қалмауын қамтамасыз ету – тұрақты даму мақсаттарына жету процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Елдердегі және олардың арасындағы теңсіздік үнемі алаңдаушылық тудырады. Дамыған, инновациялы қоғамда өмір сүріп жатсақ та, кейбір елдердегі салыстырмалы табыс теңсіздігінің төмендеуі, әлеуметтік - экономикалық теңсіздік, ер мен әйел арасындағы теңсіздік әлі орын алып жатыр.
Еліміздегі озық оқу орындарының бірі - Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жыл сайын білім аясы кең, білік пен дағдыны бойына сіңірген жастарды оқытып, тәрбиелеп жатыр. Университеттің басты мақсаты - әр студенттің ар - намыс ережесі мен академиялық саясат шеңберінде студент жастардың рухани - адамгершілік қалыптасуына көңіл бөлу. Осы мақсатта түрлі іс - шаралар, конференциялар, сайыстар өткізіледі. Кезекті шаралардың бірі, «тарих және география» мамандығының 1 курс магистранттары арасында “Әлеуметтік теңсіздікті жою” тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті. Шараның басты мақсаты - әлеуметтік қызметтерді дамыту; жастарды білімді болуға баулу; кедейлер мен мүгедектерге көмек көрсету; нормативтік актілерді, заңдарды, ақшалай өтемақыны, қоғамның қорғалмаған топтарын (ардагерлер, мүгедектер, жалғызбасты аналарды) қорғау; ерлерге де, әйелдерге де қандай жағдайда да тең мүмкіндіктер беруді дәріптеу.