Салауатты өмір салты-табыс пен белсенді ұзақ өмір сүрудің кепілі!
Тұрақты даму бастамасы аясында 2023 жылдың 07 қарашада кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ережепқызы Роза әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 2 курс эдвайзерлік топ студенттерімен «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету» тақырыбында семинар өткізді. Бұл іс-шара № 3 мақсатқа, салауатты өмір салты мен салауаттылықты жүзеге асыруға арналған бұл тұрақты даму күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылады. Семинар барысында қатысушылар жастардың болашағына ықпалын талқылады. Мықты денсаулық – тұрақты даму жолындағы маңызды шарттардың бірі болып табылады. Іс-шара студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды және оның қорытынды бөлімінде сұрақ-жауап түрінде, студенттер арасында қызу талқыланды. Бұл семинар сапалы білім беру арқылы тұрақты дамуға қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылады.