«Күзгі бал 2023»

3 қараша, 2023

3.11.2023 жылы колледждің 1 курс топ студенттерінің қатысуымен «Күзгі балл -2023» байқауы ұйымдастырылды. Өзінің айырықша өткізілуімен және қуанышты көңіл-күй сыйлаумен ерекшеленетін аталмыш байқау негізінде студенттердің шығармашылық, эстетикалық және командамен, жұппен жұмыс істей білуі сияқты ізгі қарым-қабілеттерінің шыңдалуы көзделді.

Сайыс 4 кезең бойынша өткізіліп, көп балл жинаған жұп колледж ханзадасы мен ханшайымы атанды. Кешті құқықтану 203 мамандығының 2 курс студенті Арипхан Алдияр және Бағдарламалық қамтамасыз ету 107 мамандығының 1 курс студенті Тұрлыбек Ақбота жүргізіп, арасында өнерпаз, талантты студенттерден ән шашу, домбырашылардан құрылған ансамбльдердің күйлері ойналып ерекше көңіл-күй сыйлап отырды.
Студенттердің музыкалық таныстырылымы, сән үлгісі, жұп болып вальс билеу, арнайы ұйымдастырылған көрініс, колледж мәслихаты мүшелерінің би қойылымы – барлығы байқаудың әсерін арттырып отырды. Домбырада бірнеше күйлерді шертіп, «Бір бидай, арпа» деп аталатын қазақтың халық әнін орындаған БҚ-110 тобының 1 курс студенті Абылхан Алиханды және де бұлбұлдың үніндей үні бар құқықтану 101 тобының 1 курс студенті Ислам Әнел «Бұлбұл» әнін орындауындағы ерекшелігі, сондай-ақ, Аудармашы 105 мамандығының 1 курс студенттерінің шығыс биін орындауы күзгі балл кешіне жиналған көрермендердің көзайымы болып, назарларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Күзгі балл – 2023» байқауының соңы би кешімен аяқталды.