1-3 курс студенттері арасында өткен «Маркетологтар кино әлемінде» сайысы

7 қараша, 2023

04 «Сапалы білім» бағыты бойынша ТДМ-н жүзеге асыру мақсатында 27 қазан күні сағат 17:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Маркетинг» мамандығының 1,2,3,4 курс студенттерінің қатысуымен «Маркетологтар киноәлемінде» сайысы болды. Сайыстың мақсаты – оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіптік оқытуға қызығушылықтарын арттыру, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беру, оқу нәтижелерінің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге ықпал ету және оларға қол жеткізу үшін жағдай жасау.

«Маркетологтар кино әлемінде» сайысы 3 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде орындалған тапсырмаларды әділқазы алқалары алдын-ала белгіленген баллдық шкаламен бағалай отырып, жеңімпазды анықтады. Олимпиадаға қатысу  командалар 1-ші кезеңді өз киноәлеміне байланысты креативті видео , ал 2-ші кезеңде белгілі бір жарнаманы әзірлеу керек болды. 3-кезеңді кейс тапсырмамен тәмамдаған болатын.

Іс-шара барысында болашақ мамандардың шығармашылық әлеуеті, сонымен қатар оқу және ғылыми-зерттеу қызметке қызығушылықтары арта түскені байқалды.

Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Турлыбекова Н.М., Аликбаева А.Б., Рысбаева Б.Б. және «Маркетинг» мамандығының 4 курс студенттері.