«Орталық Азия қалаларындағы PM2.5 концентрациясын бағалау» тақырыбына семинар

25 қазан, 2023

2023 жылдың 24 қазанында Химия және химиялық технология факультетінде «Орталық Азия қалаларындағы PM2.5 концентрациясын бағалау» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты Орталық Азияның ірі қалаларындағы ауаның ластану проблемаларымен таныстыру. Семинарда BR10965258 «Заманауи аналитикалық әдістер мен модельдеу құралдарын пайдалана отырып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары ауасының сапасын жақсарту бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламасын әзірлеу» бағдарламасы аясында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды (ғылыми жетекшісі – PhD, доцент Байматова Н.Х.). Семинарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, белсенділер мен Алматы әкімдігінің өкілдері қатысты. Семинар 13 «Климаттық әрекет» (13.3.4 Мемлекеттік органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету және қолдау) мақсатына қол жеткізу шеңберінде өткізілді.