Erasmus+ бағдарламасының аясындағы тағылымда
Erasmus+ бағдарламасының аясында доцент А.О.Адильбекова 2023 жыл 17-23-шілде аралығында Николай Коперник Университетінде (NCU in Torun) training mobility тағылымдамасынан өтті. Тағылымдама кезінде химия факультетінде физикалық химиясы және полимерлердің физикалық химиясы кафедрасының қызметкерлерімен эмульсиялар үшін мембраналық бөлуді қолдану саласындағы ғылыми жұмыстардың нәтижелерін талқылады және осы кафедраның докторанттарына арналған семинар өткізді. Семинар тақырыбы - «Күл бөлшектерінің қатысуымен шикі мұнай эмульсиясының бұзылуы» болды.
Erasmus+ бағдарламасының аясында Николай Коперник Университеті, химия факультетінің физикалық химия және полимерлердің физикалық химиясы кафедрасының профессоры Войцех Куявский химия және химиялық технология факультетіне тәжірибе алмасу және ғылыми семинарлар өткізу мақсатында келді. Профессор В.Куявский Физика-химиялық талдау әдістері орталығында болып, орталық директоры, профессор Б.Кеңесовпен және кафедраның жетекші жас ғалымдарымен (Ф.Мальчик, Н.Байматова, т.б.) кездесті.
Доцент Адильбекова А.О. тағылымдамасы 17 «Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік» (17.2.3 «Тұрақты даму мақсаттары үшін деректерді жинау бойынша халықаралық ынтымақтастық») мақсатына қол жеткізуге ықпал етті.