«Ұлттық инновация және қазақтану» атты дөңгелек үстел өтті

9 сәуір, 2015

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы мен «Ақиқат» журналының ұйымдастыруымен «Ұлттық инновация және қазақтану» атты тақырыпта халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді факультет деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Әлия Масалимова ашты. Планк әлеуметтік антропология институтының профессоры Гюнтер Шлее «Мәдени интеграция батыс модернизациясының контекстінде», ал философия ғылымдарының докторы, профессор Г. Нұрышева «Ұлттық инновация және қазақ тілі» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, ғалымдар: Ж.Молдабеков, Р.Елемесов, Н. Мұхаметханұлы, А.Құлбаев ұлттық инновация және қазақтану тақырыбындағы пікірін ортаға салды.

Дөңгелек үстелге ғалымдар А.Құрманалиева, Т.Ғабитов, З.Исмағамбетова, С.Мұсатаев, Қ.Борбасова, А.Абишева, аға оқытушылар Ә.Мұханбет, Н. Альджанова және магистранттар мен докторанттар қатысты.