ТДМ 17 "Даму мүддесіндегі жаһандық әріптестік"

7 қараша, 2023

Орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде, 2023 жылғы 07 қарашада з.ғ.к. кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы, доцент Ж. М. Аманжолов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 2 курс магистранттарымен "Даму мүддесіндегі жаһандық әріптестік" тақырыбында семинар өткізді. Бұл іс-шара тұрақты дамудың № 17 мақсатына арналған. Семинар барысында қатысушылар интеграция, серіктестік, жаһанданудың болашаққа әсері деген не екенін талқылады. Іс-шара магистранттардың қызығушылығын тудырды, өйткені сұрақтар көп болды. Бұл семинар интеграция және серіктестік арқылы тұрақты дамуға қол жеткізу аясындағы маңызды қадам болып табылады.