ҚазҰУ студенттері волейбол жарысында үздік атанды

9 қараша, 2023

Түркістанда өтіп жатқан ІІ Түркі универсиадасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінен құралған волейболдан Қазақстан құрама командасы үздік атанып, алтын медальмен марапатталды.

Команда құрамында университеттің медицина және денсаулық сақтау, шығыстану, заң  факультеттерінің спортшы жастары бар.

Бұған дейін ҚазҰУ жастары еркін күрестен 1-орын, командалық және жеке  шахмат жарысы мен дзюдодан 2-орын иеленген болатын.

Түркі мемлекеттерінің спортшы жастары қатысып жатқан универсиада 10 қарашаға дейін жалғасады.

Бүгінге дейін Қазақстан құрамасы барлық спорт түрінен жалпы есепте көш бастап келеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі