«Ел болашағына стратегиялық инвестициялар»

7 қараша, 2023

2023 жылдың 7 қарашасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде жалпыуниверситеттік іс-шаралар жоспары шеңберіндегі дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы аталған кафедраның меңгерушісі, PhD докторы К.О. Таттимбетова, ал спикері ф.ғ.д., профессор, Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының атқарушы директоры Н.Ж. Шаймерденова болды. Бұл іс-шара Жолдаудың «Ел болашағына стратегиялық инвестициялар» атты үшінші бағытының аясында өтті. Іс-шараға кафедраның жас ғалымдары, институт қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде қозғалған мәселелер «Болашақтың мегатенденциясы жағдайында инвестициялық стратегиялар мен адами капитал» тақырыбы аясында өрбіді. Сонымен қатар өзгерімпаз заманда білім беру саласындағы тұлғалар ел болашағына қалай инвестиция жасай алады деген сұраққа жауап берілді. Жолдаудың үшінші бағытына сәйкес өмір сапасының білім беру үдерісіне ықпалы да талданды.