«ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбына арналған іс-шара»

4 қараша, 2023

2023 жылдың 4 қарашасында «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасында «Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс магистранттары ТДМ 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбына арналған іс-шара өткізді.

Іс-шараға 15 қонақ қатысты, олардың арасында филология факультетінің магистранттары, тарих факультетінің магистранттары және FLAGMAN бағдарламасының қатысушылары болды.

Қонақтар 4 командаға бөлініп, «Өз ойыным» («Своя игра») бағдарламасы бойынша викторинада сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар ТДМ 8 тақырыбымен тікелей байланысты болды. Барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Шара нәтижесінде жиналғандар көңілді уақыт өткізіп қана қоймай, болашақта лайықты еңбек пен тұрақты экономикалық өсудің кепілі болып табылатын сапалы білім алудың маңыздылығын түсінді.