«Әлемдегі және Қазақстандағы білім сапасы»

3 қараша, 2023

2023 жылдың 3 қарашасында 3-ші экономика факультетінің кластерлік аудиториясында «ТДМ 4. Сапалы білім» тұрақты даму жобасын жүзеге асыру аясында «Шетел филологиясы және аударма ісі» факультетінің магистранттары Филология факультетінде «6В02304 – Аударма ісі» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттерінің қатысуымен «Әлемдегі және Қазақстандағы білім сапасы» тақырыбында ашық іс-шара өтті.

Шара барысында аудармашы студенттер Нұрланқызы Дариға, Кулпыбаева Айнура, Ағабек Балауса, Аденова Гүлайна, Кадирова Әсем Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы негізгі мәселелер туралы баяндамалар жасады. Іс-шараның мақсаты – студенттерді сапалы білім берудің маңыздылығын талқылау және түсіну, сондай-ақ осы саладағы идеялар мен тәжірибе алмасу үшін біріктіру болды. «Сапалы білім» тақырыбындағы іс-шара сәтті өтті. Қатысушылар білім сапасына қатысты мәселелерді белсенді түрде талқылап, қолданыстағы білім беру жүйесін жетілдіруге қызығушылық танытты. Іс-шара барысында алынған негізгі қорытындылар мен ұсыныстарға мыналар жатады: білім беру сапасы стандарттарын жақсарту және білім беру ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Іс-шара білім беру ортасын жақсартуға деген жалпы шабыт пен мотивация сезімімен аяқталды.

       Ұйымдастырушылар: Байелі Ә.Ж., Алпысбаева.А., Абсаттар.А., Кайрова.Д